
Есбол Ерболұлы 1989 жылдың 22 мамырда Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданының Бостандық ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2012 жылы Батыс Қазақстан инженерлік - гуманитарлық университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы Атырау облысы «Қашаған Құрылыс Бірлестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктесігінің бетон құрылысының операторы қызметінен бастаған;
2011-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысы «Мир» жауапкершілігі шектеулі серіктесігінің қауіпсіздік қызметі;
2013 жылы Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмыстар бөліміне заңгер мамандығы бойынша жастар тәжірибесі;
2014 жылы Батыс Қазақстан облысы «БатысКотлоМонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктесігінің заңгері;
2016-2018 жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің Казталов аудандық соты кеңсесінің жетекші маманы;
2018-2021 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық ішкі саясат бөлімінің Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог маманы;
2018-2021 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы «Ақниет» деструктивтік діни ағымдардан қорғау және көмек көрсету орталығы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
2021-2023 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Бостандық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарды.
Жанұялы, отбасында жұбайы екеуі 3 қыз тәрбиелеуде.