
Нұрхат Сатыбалдыұлы 1984 жылдың 27 қарашада Батыс Қазақстан облысы Казталов (бұрынғы Фурманов) ауданының Көмекші ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2010 жылы Еуразия Академиясын «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жалпақтал ауылы Ғ.Молдашев атындағы ОЖББ мектебінде ЭЕМ операторы қызметінен бастаған.
2005-2011 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жалпақтал ауылы Ғ.Молдашев атындағы ОЖББ мектебінде ЭЕМ инженері, инфрматика пәнінің мұғалімі;
2011-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жалпақтал ауылдық округі әкімінің жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы;
2012-2013 жылы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жалпақтал ауылы №17 кәсіптік лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
2013-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы С.Садықов атындағы Казталов аудандық мәдени – демалыс орталығының директоры;
2015-2018 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жалпақтал ауылы «Қазпошта» АҚ Жалпақтал АПББ бастығы;
2018-2022 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Ақпәтер ауылдық округінің әкімінің қызметін атқарды.
2022 жылдың 12 қыркүйегінен бастап Жалпақтал ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.