Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады. Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары: • 2022 жылы – Ұлытауда; • 2023 жылы – Түркістанда; • 2024 жылы – Атырауда; • 2025 жылы – Бурабайда өтті.
Көктемгі қар суының еруі салдарынан су тасқынының алдын алу мақсатында жедел желі іске қосылғанын хабарлаймыз. Су тасқыны орын алған жағдайда көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласып, фото немесе видео деректерді де жолдай аласыз.