Қайыңды ауылдық округі әкімі аппараты (бұдан әрі–әкімнің аппараты) Қайыңды ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі-әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Қайыңды (2000 жылға дейін — Берёзино)— Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы ауыл, Қайыңды ауылдық округі орталығы. Аудан орталығы - Казталовка ауылынан солтүстікке қарай 45 км жерде Қараөзен жағалауында орналасқан. Халық саны - 893 адам.
Округтің жалпы аумағы – 86935 га құрайды. Соның ішінде: 58283 га. а/ш айналымындағы жер, 6563 га. елді мекендер жері.
Телефон: 8(71144) 50-3-46
Электрондық пошта: kaindy_akimat@mail.ru
