Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Қ. Тоқаевтің Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің 2019 жылғы 24 мамырдағы отырысының қорытындылары бойынша берген тапсырмасына сәйкес және ҚР ҰЭМ 2021 жылғы 25 мамырдағы бақылау және қадағалау органдарының бірыңғай есеп беру күнін өткізу қағидаларын бекіту туралы бұйрығын орындау шеңберінде, өңірлерде бизнес-қауымдастықтар алдында бақылау және қадағалау органдарының «Бірыңғай есеп беру күні» өткізу тәжірибесі енгізілді.
«Бірыңғай есеп беру күні» өткізу мақсаты бақылау және қадағалау қызметін реформалау аясында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы міндетті заңдардың бұзылуының жүйелі алдын-алуды дамыту, тұрақты қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлер мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.
«Бірыңғай есеп беру күні» бақылау және қадағалау органдарының кәсіпкерлік субъектілерімен олардың мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелерін талқылау және бизнес-қоғамдастықтың пікірін қалыптастыру үшін отырыс түрінде өткізіледі.
Осыған орай, 2026 жылдың 24 қыркүйегінде аралас форматта (офлайн-онлайн) осы іс-шара өткізілетін болады.
Облыс кәсіпкерлерін мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметіне қатысты өзекті мәселелерді талқылауға белсенді қатысуларыңызды сұраймыз.
Өткізу уақыты мен іс-шараға қосылу үшін сілтеме қосымша хабарланатын болады.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына 8 (7112) 50 65 89 телефоны бойынша хабарласа аласыз.
KIOGE 2026 — Орталық Азияның мұнай-газ саласындағы басты оқиғасы!
2026 жылғы 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Алматы қаласы әлемнің түкпір-түкпірінен келетін мұнай-газ индустриясы көшбасшыларының бас қосатын орнына айналады.
KIOGE 2026 көрмесінде сіздерді не күтеді:
мердігерлер, жабдық өндірушілер, IT-әзірлеушілер, инвестициялық құрылымдар және мемлекеттік органдар
KIOGE екі жылда бір рет өткізіледі. Бұл – іскерлік байланыстарды дамытуға, жаңа серіктестер табуға және саланың басты оқиғаларының ортасында болуға берілетін бірегей мүмкіндік.
�� Келушілерді тіркеу басталды!
Көрмеге тегін келіңіз: тіркелу кезінде kioge.kz сайтында OILAKIMT26 промокодын пайдаланыңыз.
|
Ұйымдастырушы: |
«БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ |
|
Орналасқан жері: |
Орал қаласы, Чурина көшесі 116 |
|
Байланыс телефоны: |
50-64-36 |
|
Өтінімдерді қабылдау нысанасы: |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 140 бұйрығы шеңберінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне өз қызметін әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) енгізіледі. |
|
Өтінімдерді беру орны: |
Орал қаласы, Чурина көшесі 116 |
|
Құжаттамаларды ұсыну мерзімі: |
2026 жылдың «1» қыркүйектен бастап 2026 жылдың «15» қыркүйекке дейін |
|
Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты: |
2026 жылдың «1» қыркүйектен бастап |
|
Өтінімдерді берудің аяқталу күні мен уақыты: |
2026 жылдың «15» қыркүйекке дейін
|
|
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайтынын ескертеміз. |
|
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 140 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 18 шiлдеде № 33105 болып тіркелді) бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес өз қызметін әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) енгізіледі.
Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне келесі санатқа жататын кәсіпкерлер енгізуге үміткер бола алады:
Бірінші санаттағы ӘКС – азаматтардың мынадай санаттарын:
Екінші санаттағы ӘКС – осы Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасында аталған санаттар қатарындағы азаматтар өндіретін тауарларды, орындайтын жұмыстарды, көрсететін қызметтерді өткізуге ықпал ететін ӘКС. Бұл ретте, алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрауға тиіс, ал ӘКС алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құрайды;
Үшінші санаттағы ӘКС – мүгедектігі бар адамдардың тыныс-тіршілігіндегі шектеулерді еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау мақсатында мүгедектігі бар адамдарға арналған, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысу үшін басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасау мақсатында осы Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасында аталған өзге де адамдарға арналған тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ӘКС, бұл ретте мынадай:
Төртінші санаттағы ӘКС – қызметті алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құраған, ал ӘКС алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құраған жағдайда, мынадай:
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116, 108-кабинет мекен жайы бойынша қабылданады .
Кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не анық емес деректерді немесе қағидалардың талаптарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда ұйымдастырушы ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады.
Құрметті Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері!
Назарларыңызға «Ashyk Kogam» Әлеуметтік даму және инновациялар қоры» қоғамдық қорының 2026 жылы аккредиттеуден өтіп, 2029 жылға дейін келесі орталық мемлекеттік органдар жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестердің құрамына енгізілгенін хабарлаймыз:
* ҚР Ұлттық экономика министрлігі;
* ҚР Қаржы министрлігі;
* ҚР Сауда және интеграция министрлігі;
* ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Сонымен қатар, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2026 жылғы 22 маусымдағы бұйрығына сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы құрылып, оның құрамына Орал қаласындағы «Ashyk Kogam» Әлеуметтік даму және инновациялар қоры» қоғамдық қоры енгізілді.
Ақпарат кәсіпкерлік субъектілерін хабардар ету мақсатында жарияланып отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеуі
Құрметті отандастар!
Жаңа Конституциямыздың заңды күшіне енуі – бүкіл еліміз үшін айрықша маңызды оқиға. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталады. Біз саяси-экономикалық реформалардың, ауқымды өзгерістердің және қарқынды дамудың даңғыл жолына түсеміз.
Осы ерекше күн еліміздің бүкіл саяси жүйесін, сондай-ақ мемлекеттің және азаматтық қоғамның негізгі институттарын түбегейлі жаңғырту кезеңі басталғанын аңғартады.
15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумда Қазақстан халқы ел тағдырына тікелей ықпал ететін және мемлекеттің ондаған жылдарға арналған даму бағдарын айқындайтын таңдауын жасады. Миллиондаған отандасымыз берекелі бірлік танытып, шынайы отаншылдық пен жоғары жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетті. Бұл тарихи шешімнің төл шежіремізде алтын әріппен жазылатыны анық.
Бұдан былай Конституция күні «Наурызнама» онкүндігімен қатар аталып өтеді. Мұның символдық мәні зор. Конституция күні ел ішінде ғасырлар бойы орныққан көктемгі жаңару дәстүрлерін Ата заңның басты қағидаттарымен тоғыстырады, яғни азаматтарымыздың ырысты ынтымаққа, озық білімге, ел игілігі жолында адал еңбек етуге деген талпынысымен үндеседі.
Біз нағыз Халық Конституциясының мызғымас құқықтық негізіне арқа сүйеп, барлық мақсат-мұраттарымызға міндетті түрде жетеміз. Заң мен Тәртіп, Еңбексүйгіштік пен Өрлеу, Тазалық пен Табиғатты аялау сынды жасампаздық құндылықтарын қоғамда берік орнықтырамыз. Бұған еш күмәнім жоқ.
Біз бірлігі бекем, біртұтас ұлт ретінде әлемдік өркениеттің шыңын бағындырып, баршаға бірдей мүмкіндік беретін және барлық азаматтың жан-жақты дамуына жол ашатын мемлекетті – Әділетті Қазақстанды құрамыз!
Қастерлі Отанымызды көркейту жолындағы жоспарларымызды ойдағыдай орындаймыз. Мен бұған кәміл сенемін!
Қазақстан Республикасы жасай берсін!
Халқымыз мәңгі жасасын!
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы" Заңының 8-бабы 5-тармағына және "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 9 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес 2026 жылдың 15 маусымынан 30 маусымы аралығына Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық инновациялық даму басқармасының ММ нің қызметінде сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Кәсіпкерлерді әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу бойынша өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру
|
Ұйымдастырушы: |
«БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ |
|
Орналасқан жері: |
Орал қаласы, Чурина көшесі 116 |
|
Байланыс телефоны: |
50-64-36 |
|
Өтінімдерді қабылдау нысанасы: |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 140 бұйрығы шеңберінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне өз қызметін әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) енгізіледі. |
|
Өтінімдерді беру орны: |
Орал қаласы, Чурина көшесі 116 |
|
Құжаттамаларды ұсыну мерзімі: |
2026 жылдың «1» маусымынан бастап 2026 жылдың «15» маусымыына дейін |
|
Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты: |
2026 жылдың «1» маусымынан бастап |
|
Өтінімдерді берудің аяқталу күні мен уақыты: |
2026 жылдың «15» маусымынан дейін
|
|
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайтынын ескертеміз. |
|
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 140 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 18 шiлдеде № 33105 болып тіркелді) бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес өз қызметін әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) енгізіледі.
Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне келесі санатқа жататын кәсіпкерлер енгізуге үміткер бола алады:
Бірінші санаттағы ӘКС – азаматтардың мынадай санаттарын:
Екінші санаттағы ӘКС – осы Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасында аталған санаттар қатарындағы азаматтар өндіретін тауарларды, орындайтын жұмыстарды, көрсететін қызметтерді өткізуге ықпал ететін ӘКС. Бұл ретте, алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрауға тиіс, ал ӘКС алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құрайды;
Үшінші санаттағы ӘКС – мүгедектігі бар адамдардың тыныс-тіршілігіндегі шектеулерді еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау мақсатында мүгедектігі бар адамдарға арналған, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысу үшін басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасау мақсатында осы Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасында аталған өзге де адамдарға арналған тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ӘКС, бұл ретте мынадай:
Төртінші санаттағы ӘКС – қызметті алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құраған, ал ӘКС алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құраған жағдайда, мынадай:
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116, 108-кабинет мекен жайы бойынша қабылданады .
Кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не анық емес деректерді немесе қағидалардың талаптарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда ұйымдастырушы ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №127 бұйрығымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерін аккредиттеуді жүргізу қағидаларына сәйкес 2026 жылғы 2-16 наурыз аралығында,сондай-ақ 2026 жылғы 17 наурыз бен 2 сәуір аралығында Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасымен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүргізу бойынша өтінімдер қабылдау жарияланды.
Келіп түскен өтініштердің болмауына байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерін аккредиттеу өтпеді деп танылады.
Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді өткізетінін хабарлайды.
Процесс 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігігің бұйрығымен бекітілген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларын, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібінің 4-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеу Ережеге сәйкес жүзеге асырылады. Аккредиттеуді алу үшiн өтiнiш берушi келесі құжаттарды ұсынады:
1) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттеуін алуға өтініш;
2) заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) құрылтай құжаттарының және мемлекеттiк (есептік) тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшiрмелерi;
3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімі.
Аккредиттеуге құжаттарды қабылдау e-Otinish бағдарламасы арқылы жүргізіледі 2026 жылғы 17 наурыз 2 сәуір аралығында электронды түрде қабылданады, анықтама үшін байланыс нөмірі: +7 (7112) 50-64-36.
Конкурсты ұйымдастырушы: Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасы
Электрондық пошта мекенжайы: opit-otdel@mail.ru
Байланыс телефоны 8-711-2-50-64-36
Конкурстың нысанасы: әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін кәсіпкерлерге мемлекеттік грант беру.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беретін орын: субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінімді және толық конкурстық құжаттар топтамасын ұсынады.
Өтінім беру мерзімі: 2025жылғы "14" қазаннан бастап 2025 жылғы "20" қазанға дейін қоса алғанда.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.