
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиұлы Төреғалиев Финляндия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сойли Мякелайнен-Буханист ханымды және “Teknos” компаниясы Infra & Energy тобының коммерциялық директоры Оути Каллио ханымды қабылдады. Елшінің келуінің басты себебі Финляндияның Оралдағы Бас консулдығының салтанатты ашылуы болды. Финляндияның Қазақстандағы Құрметті консулы болып - Манкеев Мұхтар Наурызбайұлы, “Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.” Бас директорының орынбасары тағайындалды. Елшінің сапары аясында Батыс Қазақстан облысының бизнес-қоғамдастығымен кездесу және Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне бару жоспарлануда. Нариман Төреғалиұлы Елші ханымды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, Батыс Қазақстан облысы фин компанияларымен ынтымақтастыққа мүдделі екенін және ұсыныстарға ашық екенін атап өтті.