Инвестицияларды тарту бойынша өңірлік кеңестің отырысы өтті

Инвестицияларды тарту бойынша өңірлік кеңестің отырысы өтті

                 2022 жылғы 14 шілдесі күні Батық Қазақстан облысы әкімінің төралығымен инвестицияларды тарту, инвестициялық ахуалды жақсарту және экспортты ілгерілету жөніндегі өңірлік кеңес отырысы өткізілді. Аталған отырыста бизнес өкілдері және мемлекеттік органдар басшылары қатысты.

                Кеңес шеңберінде Орал қаласында мынадай жобалар қаралды: қазақ тілінде оқытатын 350 орындық, екі ауысымда 700 орындық жалпы білім беретін жеке меншік мектеп құрылысы ("Мағжан" ЖК), медициналық қалдықтарды, өлген жануарлардың ұшаларын утилизациялау ("UtilFlame" ЖШС), сондай-ақ Бәйтерек ауданында құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт құрылысы ("БриГ Компани" ЖШС) және Сырым ауданы Жымпиты ауылындағы мектеп-интернат құрылысы ("сенім "лицейі"ЖШС).

                Отырыс қорытындысы бойынша жалпы құны 2,9 млрд.теңгеден асатын шамамен 200 жұмыс орнын құрумен 4 жаңа жоба қаралып, қолдау тапты. Осы жобаларды іске асыру негізгі капиталға инвестициялар көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді және білім беру, құрылыс индустриясы, қайта өңдеу салаларының дамуына үлес қосады.