2020 жылдың 8 ай қорытындысы бойынша өнеркәсіп саласында1190,6 млрд.теңге сомасына өнім өндірілді, оның ішінде тау - кен өндіру және өңдеу салаларында 1017,4 және 128,0 млрд. теңге сомасында.
Кәзіргі таңда өнеркәсіп өндірісінің нақты көлемінің индексі 102,4% - ды құрап отыр.Өсімкөмірсутекті күкірті ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді атап айтқанда, табиғи газ - 3,1%, газ конденсаты-3%-ға өсті.
Жыл басынан бері өндіру көлемі:
- газ 14266,8 млн. текше метрдіқұрады,бұл 2019 жылдың тиісті кезеңіменсалыстырғанда 3,1% - ға артық;
- сұйық көмірсутектер (мұнай және конденсат) - 8427,9 млн. тоннаны құрады,бұл 2019 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 3,0% - ға артық.
Бүгін де ақшалай түрде өндіріс көлемінің төмендеуі мұнай құнының төмендеуіне байланысты.
Тамақ өнімдерін өндіру саласында өндіріс көлемі - 2,7% - ға, химия өнеркәсібінде - 2 есеге, тоқыма бұйымдарында-6,5 есеге ұлғайды.
Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 1,2% - ға төмендеді, бұл металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы салаларында елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты РФ тұтынушылары тарапынан сұрастың төмендеуі салдарынан өндіріс көлемінің қысқаруымен түсіндіріледі.
Есепті кезеңде жалпы өнеркәсіп саласындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 10,8% құрап отыр.
2020 жылдың 8 ай қорытындысы бойыншаметаллургия саласында 11,9 млрд.теңге сомасына өнім өндірілді, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 15,1% - ға төмен.
«КазТрубпром» ЖШС базасында сорғы-компрессорлық құбыр өндірісіңіңқысқаруы елдегі карантин мен Ресей тұтынушыларыныңөнімге деген сұранысының азайуынанболып отыр. Машина жасау саласында да сол себепті өндірілетін өнім көлемі азайып отыр.
Бүгінгі күнде сала кәсіпорындары 26,7 млрд.теңге сомасынанемесе 92,1% өнім өндірді.Сонымен қатар, өндіріс көлемінің төмендеуіне жеткізушілер өз қызметін уақытша тоқтатуы салдарынанқосалқы бөлшектердіжеткізу бойынша қиындықтардың туындауы теріс әсерінтигізді.
Дайын металл бұйымдарын өндіру саласында 7,1 млрд. теңге сомасына өнім өндірілді, бұл 2019 жылдың ұқсас кезеңінен 7,8% - ға артық. Өсім металл конструкцияларының көлемін ұлғайту есебінен қамтамасыз етіліп отыр.
Құрылыс индустриясы кәсіпорындары 8,1 млрд. теңге сомасына өнім өндірді,бұл 2019 жылмен салыстырғанда «Гидромаш-Орион-ТТБК»ЖШС базасында тауарлық бетон көлемінің төмендеу есебінен 3,8% - ға қысқарып отыр.
Тамақ өнімдерін өндіру саласында 49,1 млрд. теңге сомасына өнім өндірілді, бұл2019 жылдың сәйкесті кезеңінен 2,7% - ға артық. Өсімге«Белес-Агро»ЖШС базасында макарон және ұн өнімдерініңөсуі оңды әсерін тигізді.
Химия өнеркәсібінің кәсіпорындары 1,9 млрд. теңге сомасына өнім өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 15,4% жоғары. Өсім «Азот зауыты»ЖШС базасында сұйық азот шығару көлемін 1,3 есеге ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді.
Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру саласында 4,6 млрд. теңге сомасына өнім өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 5,7% - ға жоғары. Өсім «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы»ЖШС базасында пластикалық құбыр көлемін арттыру есебінен қамтамасыз етілді.
2020 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша осы саладағы еңбек өнімділігі адам басына шаққанда $ 4,0 мың АҚШ долларын құрап 7,9% - ға ұлғайды.
2020 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі экспорт көлемі 56,7 млн. АҚШ долларын құрады және 2019 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 23,6% - ға төмен.Бұл, ең алдымен, эпидемияға қарсы қабылған шаралар нәтижесінде Ресей Федерациясындағы тапсырыс берушілер тарапынан сұраныстың төмендеуінебайланысты.Есепті кезеңде барлық негізгі экспорттаушылар өндіріс пен экспорт көлемін қысқартты.
Отандық тауар өндірушілердің жүктемелерін ұлғайту арқылы олардың қызметтерін тұрақтандыру және қолдау көрсету мақсатында биыл қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының базасында тапсырыс орналастыру мәселелері шешілді.
«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, «НИИ «Гидроприбор»АҚ, «Орал «Зенит» зауыты» АҚ-мен катерлерді, корабльдерді салуға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және де оқ-дәрілерді жеткізуге жалпы сомасы 9,7 млрд. теңгеге 14 келісім шарт жасалды.
Өңірдегі машина жасаушылар бір көзден келісім жасау мақсатында «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС өндірушілерінің тізіліміне енгізілді.
Үстіміздегі жылы аталмыш компания Батыс Қазақстандық машина жасаушылармен 26 келісім жасады. Оның ішінде
«БҚМК» АҚ-мен сыйымдылықтарды, электр дегидрататорларын, буферлік сыйымдылықтарды және никель ұнтағын жеткізуге 6, «Орал құю - механикалық зауыты» ӨК қосалқы бөлшектерді, сорғы қондырғыларын, ЦНС маркалы сорғыларды жеткізуге 20 келісімшарт жасады. Қазіргі уақытта кәсіпорындар «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-ға 3 өтінім берді, оның екеуі мақұлданды. Олар - «Жайық Петролеум» ЖШС (метанол өндірісі), «А. Приори» ЖШС (кеңселік орындықтар өндірісі).
Сондай-ақ, «Оралагрореммаш» АҚ-ның өтінімі (сыйымдылықтарды шығару) қарастырылуда.
«Самұрық Қазына Контаркт» ЖШС жоғарыда аталған кәсіпорындармен бір көзден шарт жасасуға дайын.
Бүгін де еңбек өнімділігін арттыру және экспортты ілгерілету мақсатында мемлекеттік бағдарламаның негізгі тетіктерін түсіндіру жұмыстары жүргізіліпкеледі, соның ішінде «QazIndustry»қазақстандық индустрия және экспорт орталығы»АҚ арқылы экспорттаушылардың шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша.
Мемлекеттік бағдарламалардың тетіктерін түсіндіру бойынша жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 2019 жылы «Qazindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ-на экспорттаушылар шығындарының бір бөлігін өтеуге 12 өнеркәсіп кәсіпорыннан 21 өтініш жолданды.
Ағымдағы жылы өңделген тауарларды (сыртқы нарықта) ілгерілету бойынша шығындарды өтеу мақсатында 11 кәсіпорыннан 53 өтінім жолданды.Оның ішінде, 78,4 млн. теңге сомасына 11 компаниядан 38 өтінім мақұлданды.
Еңбек өнімділігін арттыруға 4 компаниядан 6 өтінім жолданды.
Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысы республика бойынша жолданған өтінімдер саны бойынша 3-орында болса, мақұлданған жобалар бойынша 2-орынға ие болды.
Сонымен қатар, 2019 жылдың желтоқсанында «Euroconsultants S.A. – Branch of Kazakhstan» мен ««Qazindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ өкілдерінің қатысуымен Қазақстандық жеткізушілер қызметін дамыту жобасын түсіндіру бойынша кездесу өткізілді.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің тапсырысы аясында Дүниежүзілік банкпен қаржыландырылады.
Жоба ірі шетелдік және отандық компаниялардың жеткізушілеріне API, ASMЕ секілді халықаралық стандарттар бойынша сертификат алу үшін қолдау көрсету мақсатында құрылған. Батыс Қазақстан облысы бойынша жобаға қатысуға 26 кәсіпорын өтініш білдірді. Кәсіпорында бағалау бойынша -1 кезеңнен 23 кәсіпорын өтті және қызметтерін жақсарту мен дамыту бойынша алдын-ала жоспарлар мен ұсыныстар алды.
19 кәсіпорын 2 кезеңнен өтті, олар шетелдің белгілі компанияларымен іскерлік кездесуге шақырылды.
Үшінші кезеңнен өткен 14 кәсіпорын API, ASMЕ халықаралық стандарттарын енгізу шығындарының 70 тен 90 пайызға дейін өтеу бойынша қолдау алу мүмкіндігіне ие болды.