«Қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту жөніндегі жобалық кеңсе құрылды. Оның құрамына ЖАО, «Даму» КДҚ АҚ, АКК, ЕДБ және кәсіпкерлік қауымдастық өкілдері кірді. Жобалық кеңсе бизнес жоспарды әзірлеу кезеңінен қаржыландыруға дейін бизнес жобаларды сүйемелдеуді жүзеге асырады, жобалардың тұрақты мониторингін жүргізеді.
Жобалық кеңсе қазіргі уақытта жалпы сомасы 26,1 млрд.теңгеге 240 жоба (ЕДБ, АКҚ) жұмыстануда, оның ішінде 16,5 млрд. теңге сомасына 227 жоба мақұлданды, 1,2 млрд. теңге сомасына 4 жоба қаралуда. БҚО-да осы механизмнің негізгі әлеуетті қатысушылары ауыл шаруашылығы субъектілері мен өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары болып табылады.Қазіргі таңда, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп импорт алмастыру бойынша жалпы сомасы 33,5 млрд.теңгеге ТОП-21 жобасы жасақталды.