Мемлекеттік қолдау түрлері

Әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау:

 1) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін қолдау инфрақұрылымының болуын қамтамасыз ету;

2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салықтық жеңілдіктер беру;

3) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылай қолдау көрсету (оның ішінде екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды ұсыну шеңберінде және мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) төлеуге);

4) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік мүлікті сатып алу құқығынсыз жеңілдікті шарттармен мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру;

5) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне ақпараттық қолдау көрсету;

6) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне консультациялық және әдістемелік қолдау көрсету, акселерациялық бағдарламалар арқылы дамыту (оның ішінде қаражат тарту, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысу мәселелері бойынша) түрінде жүзеге асырылады.

7) іскерлік әріптестерді іздеуде өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу (оның ішінде іскерлік іс-шаралар өткізу арқылы, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің көрсетілген іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету);

8) кәсіптік білім беруді және қосымша білім беруді ұйымдастыру;

9) экономика салаларында әлеуметтік маңызы бар жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру түрінде жүзеге асырылады.

Дата публикации
13 марта 2023