Талданатын объекті туралы мәлімет:
Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы (бұдан әрі - Басқарма).
Талдаудың негізі:
Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2022 жылғы 28 наурыздағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» №70-ө өкімі, Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының 2022 жылғы 15 шілдедегі №26-НҚ бұйрығы.
Талдауды жүргізу мерзімі: 2022 жыл 15-29 шілде.
Талдауды жүргізу кезеңі: 2021 жылғы 1 қазан - 2022 жылғы 30 маусым.
Басқарма 5 бөлімнен тұрады: кәсіпкерлік және сауда бөлімі, инвестициялар бөлімі, өнеркәсіп бөлімі, туризм және сыртқы экономикалық байланыстар бөлімі, жинақтау-талдау бөлімі.
Басқармаға бағынысты ведомство: «Aqjaiq»ӘКК» АҚ.