2021 жылғы 1 маусымдағы Шағын және орта кәсіпкерлік

2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша облыста жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерліктің 43 133 бірлігі бар, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,1% - ға артық (42 658 бірлік)..

2020 жылғы қаңтар-желтоқсан айларына:

- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығару көлемі – 1 264,9 млрд. теңге (27,1% - ға төмендеген);

(Анықтама үшін: ШОК субъектілерінің өткен жылдың ұқсас кезеңінде өнім шығару көлемі 1 617,5 млрд.теңгені құрады).

- шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 107,1 мың адамды құрады (11,1% - ға азайды).

(Анықтама үшін: өткен жылдың ұқсас кезеңінде шок-та жұмыспен қамтылғандар саны 119,4 мың адамды құрады)

Өнім шығару көлемінің төмендеуі ШОБ субъектілері болып табылатын ҚПО б.в. ("Би Джи Қарашығанақ Лимитед", "Шеврон", "Лукойл") операторларының өндіріс көлемінің қысқаруына байланысты. Сондай-ақ, өндіріс көлемдерінің төмендеуіне және ШОБ кәсіпорындарында жұмыспен қамтылғандар санына 8 компанияның ("Нефтестройсервис ЛТД" ЖШС, "QHSE-Akbarys" ЖШС, "Сырласу" ЖШС, "KazProjectOperating" ЖШС, "Uniserv-Trans" ЖШС, "RT Alliance" ЖШС, "БМС "Сервистік Компаниясы" ЖШС, "Жайық Пресс" ЖШС) Орта кәсіпорыннан ірі санатқа ауысуы әсер етті.

Дата публикации
12 июля 2021