2021 жылғы қаңтар – сәуір қорытындылары бойынша өнеркәсіптің дамуы жөніндегі ақпарат

2021 жылдың қаңтар-сәуір  қорытындысы бойынша өнеркәсіп саласында  837,6 млрд.теңге сомасына өнім өндірілді, оның ішінде тау - кен өнеркәсібі және өңдеу өнеркәсібі салаларында 752,6 және 57,2 млрд. теңгеге өнім өндірілді.

Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 93,1% - ды құрады. Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында өндіріс көлемінің төмендеуі КПО б.в. компаниясы негізінде ГП2 19-21 сәуір аралығында профилактикалық жөндеу жүргізілуіне және «Жайықмұнай»  ЖШС  негізінде ұңғымалардағы судың басым болуына байланысты көмірсутек шикізатын өндіру көлемінің азаюмен түсіндіріледі.

Өнеркәсіптің негізгі үлесі тау-кен өнеркәсібіне тиесілі (89,8%). Аудандар бөлінісінде негізгі үлес Бөрлі ауданына тиесілі  – 88,1%, Орал қаласы – 7,3% және Бәйтерек ауданы – 4,2%.

Өнеркәсіптің өсуін қамтамасыз ету мақсатында облыста бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылуда, оның ішінде КПО б.в базасындағы көмірсутек шикізатын өндіру көлемін ұлғайтуға бағытталған жобалар, бұл жобалар мұнай өндіру тиімділігін оңтайландыруға және арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, аталған жобалар қоршаған ортаға әсерді барынша азайтып,  өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша көрсеткіштерді сақтайды және жақсартады.

КПО б.в базасында ағымдағы жылы «КҚК-да газға өндірістік шектеулерді алып тастау» жобасы енгізілді.

Бұл жоба бюджеті 1 млрд. АҚШ долларынан астам ірі инвестициялық жобалардың бірі болып табылады және жылына қосымша 4 млрд. текше метрге дейін шикі газ көлемін қайта өңдеуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсуіне және Қазақстан Республикасының бюджетіне қосымша кірістердің түсуіне ықпал етеді.

Жоба аясында БҚО тұрғындары үшін 1000-нан астам жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде Ақсай қаласының тұрғындары үшін 420 орын, шарықтау шегінде 2500-ге дейін уақытша жұмыс орны құрылды.

Жобаны іске асыру машина жасау, құрылыс индустриясы, дайын металл бұйымдарын өндіру саласы сияқты өнеркәсіптің басқа да ілеспе салаларында өндіріс көлемінің өсуіне, сондай-ақ инвестициялар көлемінің ұлғаюына ықпал ететінін атап өту қажет.

Өңдеу өнеркәсібі саласында 2021 жылдың қаңтар - сәуір айларында 57,2 млрд. теңге сомасына өнім өндірілді, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңінен 12,1% - ға төмен және металлургия саласында өндіріс көлемінің 77,5% – ға, тамақ өнімдерін өндіру саласында – 7,6% - ға, мұнай өңдеу өнімдерін өндіруде-56,2% - ға қысқаруына байланысты.

Ең көп төмендеу байқалады:

  • Бөрлі ауданында ірі кәсіпорындарының бірі «Конденсат» АҚ негізінде мұнай өнімдерін өндіру, қайта өңдеу үшін шикізат тапшылығына байланысты мұнайды қайта өңдеу көлемінің 81%- ға қысқаруы әсерінен өндіріс көлемі 33 % - ға төмендеді.
  • Орал қаласында РФ мұнай өңдеуші компаниялары Газпромнефть, Роснефть, Лукойл, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» АҚ еншілес ұйымдары тарапынан сұраныстың төмендеуі әсерінен «КазТрубпром» ЖШС (78%-ға) базасында сорғы-компрессорлық құбырлар өндірісі мен экспортының азаюы, «Кублей» ЖШС базасында ет консервілері өніміне сұраныстың азаюына байланысты өндіріс көлемінің 29,8%-ға төмендеуі.

Сонымен қатар, химия өнеркәсібі саласында өндіріс көлемінің – 4,5 есе, тоқыма бұйымдарының – 1,5 есеге, резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі – 35,7%, киім – кешек – 1,5 есеге, машина жасау саласында – 6% -ға, құрылыс индустриясында – 33,6%-ға, жиһаз өндірісі саласында – 9,6%-ға, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдары өндірісінің –14,9%-ға өсімі байқалады.

Негізгі көлем келесі салаларға тиесілі: тамақ өнімдері – 42,7%, машина жасау – 22,8%, металлургия және дайын металл бұйымдары өндірісі – 8,9%, мұнай өңдеу – 6,8%, құрылыс индустриясы – 7,4%.

Өңдеу өнеркәсібінде негізгі үлес келесі аудандарға тиесілі: Орал қаласы – 67%; Бәйтерек ауданы –17%; Бөрлі ауданы-11%.

Өндірістің өсуін қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің ұлғаюына ықпал ететін бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарымен мемлекеттік қорғаныс тапсырыстар орналастыру бойынша келісім шарттар жасалды. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 7,2 млрд.теңгеге 20 келісім шартқа қол қойылды.

. «Самұрық Қазына Келісімшарт» ЖШС биыл БҚО-ның машина жасау компанияларымен 11 келісімшарт жасасты, оның ішінде:

- «БҚМК» АҚ-мен сыйымдылықтарға, электродегидраторларға, буферлік сыйымдылықтарға және ПНЭ жеткізуге 3 шарт;

- «Орал литейно-механикалық зауыты» ӨК-мен қосалқы бөлшектерге, тербелме станоктарға, ОЖЖ маркалы сорғыларды жеткізуге 8 шарт.

Еңбек өнімділігін арттыру және экспортты ілгерілету мақсатында мемлекеттік бағдарламаларды қолдау шеңберінің негізгі тетіктерін түсіндіру, оның ішінде экспорттаушылар шығындарының бір бөлігін "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ арқылы өтеу және "QazIndustry "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы"АҚ арқылы еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған қолдау шаралары бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұдан басқа, жыл басынан бері экспорттаушыларды қолдаудың негізгі тетіктерін түсіндіру мәселелері бойынша 2 кездесу өткізілді. Осылайша, экспортты, оның ішінде шикізаттық емес тауарларды ілгерілетуге ықпал ету мақсатында "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ және "KazakhExport" ЭСК" АҚ делегациясы 2021 жылғы 3-4 наурызда Батыс Қазақстан облысына барды.

Жұмыс сапар шеңберінде ағымдағы жылғы 3 наурызда экспортты ілгерілету мәселелері бойынша кеңес өтті, оның барысында экспорттаушыларды қолдаудың негізгі шаралары түсіндірілді. "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы " АҚ интеграциялық бірлестіктер шеңберінде бизнесті қорғау; ДСҰ және ЕАЭО шеңберінде ұлттық мүдделерді қорғау, сыртқы нарық саудасындағы кедергілерді анықтау, сауда дауларында СЭҚ қатысушыларын қолдау, экспорттық акселерация, экспорттаушылар үшін сервистік қолдау шаралары және экспорттаушылар шығындарының бір бөлігін өтеу бөлігінде экспорттаушыларды қолдау тетіктерін түсіндірді.

KazakhExport  «ЭСК»  АҚ экспортты қолдаудың сақтандыру қаржылық шараларын ұсыну есебінен сыртқы нарықтағы қазақстандық тауар өндірушілерге және қызметтерді жеткізушілерге қолдау тетіктерін түсіндірді.

Сондай-ақ, экспорттаушылардың шығындарын өтеу бойынша материалдардың дұрыс ресімделуін түсіндіру мақсатында а.ж. 28 наурызда онлайн-режимде кеңес өтті.

Өткізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша ағымдағы жылы 6 өнеркәсіптік кәсіпорыннан экспорттаушылар шығындарының бір бөлігін өтеуге «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы»АҚ-ға 12 өтінім берілді.

ҚР ҰҚК ШҚ өкілдерінің қатысуымен а.ж. 5 мамырда ҚР ҰҚК ШҚ қажеттелігі үшін «Зенит» Орал зауыты «АҚ-да дайындалған «Айбар» кемесінің 2-ші бірлігі түсірілді.

Дата публикации
20 мая 2021