GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Басқарма туралы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
09 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karzhy/documents/details/1080134?lang=kk

 

07 октября 2026
БҚО облыстық бюджеті. 2026 жылғы 1 қазандағы қысқаша шолу

2026 жылға облыстық бюджеттің шығыстар/түсімдер бойынша жылдық көлемі 519,2 млрд. теңге (2025 жылға – 484,8 млрд.теңге сомасында бекітілді) немесе бюджеттің 7,1% өсуімен бекітілді. Нақтыланған бюджет – 518,1 млрд. теңге

   2026 жылға арналған кірістер бойынша облыстық бюджеттің жылдық көлемі 380,1 млрд. теңгеге  бекітілді, оның ішінде салықтық түсімдер бойынша - 90,9 млрд.теңге (2025 жылы салықтар - 117,2 млрд. теңге). Нақтыланған бюджет – 381,8 млрд. теңге

   2026 жылдың 1 қазанға облыстық бюджеттің шығыстары  319,6 млрд. теңгеге немесе жоспарға 88,3% игерілді.

   2026 жылы республикалық бюджет алдындағы борыштық міндеттемелерді өтеудің нақтыланған көлемі - 9,1 млрд.теңге. 1 қазанға 6,6 млрд. теңге өтелді. 

   2026 жылдың 1қазанына облыстық бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы  265,6 млрд. теңге немесе жоспарға 98,3% құрады.

   Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер түсімдерінің жылдық көлемі 185,9 млрд.теңгеден бекітілді (2025 жылға – 325,8 млрд. теңге), соның ішінде субвенциялар – 173,6 млрд. теңге, ағымдағы нысаналы трансферттері – 4,8 млрд. теңге, нысаналы даму трансферттері – 7,4 млрд. теңге. 1 қазанға 146,0 млрд. теңге түсті.

   2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте облыстық бюджетке нақты салық түсімі  56,5 млрд. теңгені немесе 88,3% құрады (2025 ж. қаңтар-қыркүйек: 97,4 млрд. теңге). 1 қазанға арналған аудан\қала бюджеттерінен облыстық бюджет кірісіне бюджеттік алып қоюлар 50,6 млрд. теңге сомасында түсті.

    Республикалық бюджеттен қарыздар түсімі 13,0 млрд. теңге сомасында бекітілді.  1 қазанға – 7,4 млрд. теңге түсті.

01 октября 2026
Қазақстанда қарттар күні атап өтілуде

Қазақстанда 1 қазанда 1991 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы құрған халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бұл күн мереке күндерінің тізбесіне енгізілді.

 Құрметті біздің ардагерлері, Сіздерді шын жүректен Қарттар күнімен құттықтаймыз! Аға ұрпақ адамдары - отансүйгіштіктің, адалдықтың, үлкен шыдамдылық пен жарқын болашаққа сенімділіктің айқын үлгісін көрсететін еліміздің алтын қоры, даналық пен дәстүрді сақтаушылар екені анық. Осы керемет және жылы мерекеде Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, бейбітшілік пен бақ-береке тілейміз! Сіздердің әр күндеріңіз жақындарыңыз бен айналыңыздағы жандардың мейірімділігі мен сүйіспеншілігіне, қамқорлығына толы бола берсін! Лайым егде жас еңсені түсірмей, ұзақ та баянды ғұмырға жетелесін !

15 сентября 2026
Мемлекеттік бағалы қазағдарды шығару туралы

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйек  күні Қазақстан қор биржасында 9,2 млрд. теңге көлемінде Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздардың орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізу жоспарлануда. Қаражат «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде жобаны қаржыландыруға тартылады.

Қосымша ақпарат  https://kase.kz/kz жарияланады.

14 сентября 2026
Ақпараттық хабарлама

https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karzhy/documents/details/1066261?lang=kk

 

14 сентября 2026
«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонын баспасөз анонсы

ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

 Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.

Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:

- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;

- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;

- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;

- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;

- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;

- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;

- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.

Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.

Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.

Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.

Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.

«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.

«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.

Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.

Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz

Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.

Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

20 августа 2026
Ақпараттық хабарлама

Ағымдағы жылдың 24 тамыз күні Қазақстан қор биржасында 0,9 млрд. теңге көлемінде Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздардың орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізу жоспарлануда. Қаражат жалға берілетін тұрғын үй сатып алуға қаржыландыру үшін тартылады.

Қосымша ақпарат  https://kase.kz/kz жарияланады.

 

13 августа 2026
Мемлекеттік бағалы қазағдарды шығару туралы

Ағымдағы жылдың 17 тамыз  күні Қазақстан қор биржасында 1,3 млрд. теңге көлемінде Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздардың орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізу жоспарлануда. Қаражат «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде жобаларды (Ақсай қ.) қаржыландыруға тартылады.

Қосымша ақпарат  https://kase.kz/kz жарияланады.

 

13 августа 2026
Мемлекеттік бағалы қазағдарды шығару туралы

Ағымдағы жылдың 17 тамыз күні Қазақстан қор биржасында 6,1 млрд. теңге көлемінде Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздардың орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізу жоспарлануда. Қаражат жалға берілетін тұрғын үй сатып алуға қаржыландыру үшін тартылады.

Қосымша ақпарат  https://kase.kz/kz жарияланады.

 

11 августа 2026
Ақпараттық хабарлама

https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karzhy/documents/details/1052739?lang=kk

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы