
Ағымдағы жылдың 1-3 сәуірінде БҚО қаржы басқармасы басқарманың мамандары мен аудандық экономика және қаржы бөлімдерінің, Орал қ. қаржы бөлімінің бухгалтерлік қызмет қызметкерлерінің қатысуымен аудандардың (қаланың) бюджеттерін атқару жөніндегі уәкілетті органдардың есебінде бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің бірыңғай тәсілін әзірлеу мәселесі бойынша семинар-кеңес өткізді.
Семинар барысында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасаудың практикалық аспектілері талқыланды.