20 наурыз – Ұлттық спорт күні

20 наурыз – Ұлттық спорт күні

Ұлттық спорт – тек сайыс пен жарыс қана емес. Бұл Ұлы даланың рухы, мәдениеті, тарихы. Күш-қайрат пен табандылық, стратегиялық ойлау қабілеті көшпенділер бойына ежелден дарыған.  

Ат пен садақ – көшпелі өмірдің басты символдарының бірі әрі спорт түрлері. Оның ішінде:

аударыспақ – ептілікті, күштілікті талап ететін салт аттылардың ер үстіндегі сайысы;

бәйге – ат жарысы, онда спортшының өзі мен оның атына жоғары талап қойылады;

қазақша күрес – күш пен табандылықты дамытатын күрес.

жамбы ату –  ат үстінде шауып келе жатып, нысананы атып құлату;

қой көтеру – тірі қойды көтеріп жарысу;

тоғызқұмалақ – стратегиялық ойлау қабілетін дамытатын логикалық ойын.

Қазіргі кезде дәстүрлі спорт түрлеріне деген ықылас ел ішінде ғана емес, шетелде де артып келеді. Бұл да заңдылық, себебі атқа отырып, құс салып, садақ тартқанда, біз ата-бабаларымыздың даналығы мен сұлулығын паш ететін мәдени құбылыс тудырамыз.

Бүгінгі күні Наурыздың арқасында ұлттық спорт түрлерінің бәрі дерлік қайта жаңғырып, тән мен жан үйлесімін сақтау үшін қажетті салауатты өмір сүру салтына көшуге мүмкіндік беріп отыр.

Екінші жағынан, Наурызнаманың бір күнін ұлттық спорт тақырыбына арнау – бізде ғаламдық деңгейде мақтан тұтатын мұра бар екенін түйсініп, мықты рух пен ерік-жігер тұрғысынан үлгі тұтатын бабаларымызды еске түсіруге себеп.