
Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурызда Ұлттық киім күні атап өтіледі. Қазақтың ұлттық киімі - халықтың мәдениеті, тарихы мен дәстүрінің айқын көрінісі. Әр бөлшегінің мән-мағынасы бола тұра, әсемдігімен ерекшеленген. Ол дала климатына сай ыңғайлы, қолайлы әрі әдемі болған.
Қазіргі уақытта ұлттық киім қайта жаңғырып, сәнге айналуда. Заманауи дизайнерлер дәстүрлі киім элементтерін күнделікті киімде қолданады. Ірі сән көрсетілімдерінде кестеленген шапандар мен қамзолдар, аксессуарлар, сөмкелер мен аяқ киімдер – ұлттық ою-өрнектер ұсынылады.
Ұлттық киімді дәріптеу – дәстүрге құрмет әрі оны қазіргі шынайылыққа бейімдеу арқылы мәдени бірегейлікті сақтау.