
2025 жылға арналған бекітілген жылдық көлемі - 77,2 млрд. теңге, соның ішінде нысаналы трансферттері – 59,0 млрд. теңге, бюджеттік кредиттер – 18,2 млрд. теңге
Нысаналы даму трансферттер:
1) республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің түсімі:
ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға - 1,0 млрд. теңге;
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға - 2,0 млрд. теңге;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттердің түсімі:
«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде орта білім беру объектілерін салуға - 17,5 млрд. теңге;
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға - 3,2 млрд. теңге;
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға - 2,5 млрд. теңге;
көліктік инфрақұрылымды дамытуға - 11,8 млрд. теңге;
жылу-энергетика жүйесін дамытуға - 2,5 млрд. теңге.
Бюджеттік кредиттер:
ауыл халқының кірістерін арттыру жөніндегі жобаны ауқымды түрде қолдану үшін ауыл халқына микрокредиттер беруге - 5,5 млрд. теңге;
агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларға кредит беруге- 10,0 млрд. теңге;
мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға кредит беруге-2,7 млрд. теңге.