
Қазынашылықтың аумақтық органдарына келесі жұмыс тәртібін белгілейді.
1) 2024 жылғы 27 желтоқсан – реконвертациялауға өтінімдер және шетел валютасында ақша айырбастауға өтінімдер;
түсімдер қайтарымдарының, міндетті зейнетақылық жарналар, әлеуметтік төлемдер, жалақылар, жәрдемақылар, шәкіртақылар, алименттер қайтарымдарының сомасын аудару үшін төлем тапсырмалары, төлеуге берілген шоттарды қоспағанда;
білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба іске асыру жөніндегі дирекция, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторлардан, мемлекеттік мекемелерден, квазимемлекеттік сектор субъектілерінен, бас мердігерлерден және қосалқы мердігерлерден, мемлекеттік сатып алу субъектілерінен төлем құжаттарын қабылдаудың соңғы күні;
төмен тұрған бюджеттен жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алымдарды өткізу үшін, «Ұлттық валютада анықтағанға дейін өзара есептеу бойынша аударылған сомалар» (бұдан әрі-902 шот) шотқа түскен төлемдерді өткізу үшін төлеуге берілген шоттарды қабылдау жүзеге асырылсын.
Бюджетке, мемлекеттік мекемлердің ҚБШ және шоттарына, бас мердігерлердің және қосалқы мердігерлердің шоттарына, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторлардың шоттары, білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба іске асыру жөніндегі дирекция шоты, квазимемлекеттік сектор субъектілері шоттарына түскен барлық төлемдерді есепке алу бойынша, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторлардың, білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба іске асыру жөніндегі дирекция, бас мердігерлердің және қосалқы мердігерлердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттары бойынша ішкі жүйелік өткізбелерді жүргізу бойынша жұмыстары қамтамасыз етілсін.
Операциялық күн бекітілген кестеге сәйкес жабылады.
2) Міндетті зейнетақылық, кәсіби және ерікті зейнетақы жарнамалар, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар, жалақы, алименттер, стипендиялар, жәрдемақылар, іссапар және қызметтік сапарлар қайтарымдары:
2024 жылғы 30 желтоқсанында түскендер - мемлекеттік мекеменің төлеуге берілген шоттары негізінде 2024 жылғы 30, 31 желтоқсанда тағайындауы бойынша оларды әрі қарай аудару үшін мемлекеттік мекемелердің кодтары бойынша қалыптастырылады.
2024 жылғы 31 желтоқсанда түскендер - Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы Қаржы министрінің 2014 жылғы 04 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген 269 тармағына сәйкес әрі қарай аудару үшін 902 шотқа аударылады
3) 2024 жылғы 31 желтоқсанды операциялық күннің аяғындағы жағдайына 2024 жылдың барлығы бойынша қазынашылық аумақтық органдарына жіберілмеген "Қазынашылық-клиент" АЖ барлық қаржылық құжаттарды ауытқулар не жою (Есепшіде/Бас есепшіде жою, Есепшіде/Директорда ауытқу) қажеттілігі туралы білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба іске асыру жөніндегі дирекция, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторлардың, мемлекеттік мекемелердің, бас мердігерлердің және қосалқы мердігерлердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің назарына жеткізу.
4) Артық (қате) төленген түсімдерді бюджеттен қайтаруға арналған барлық төлем тапсырмаларын алып тастау не қабылдамау не оларды аумақтық қазынашылық органына жіберілмеген «Қазынашылық-клиент» АЖ-дағы берешекті өтеу есебіне есепке жатқызуды 2024 жылғы 31желтоқсандағы операциялық күннің соңындағы жағдай бойынша («Бекітуді талап етеді» мәртебесімен алып тастау», «ММ бекітуінде» мәртебесімен бас тарту) қажеттігі туралы аумақтық мемлекеттік кіріс органдарының назарына жеткізу.
5) Төлем пакеттерін қалыптастыру Қазынашылық комитетімен 2024 жылғы 31 желтоқсанда Астана қаласы уақытымен сағат 18:00 дейін жүргізіледі.
6) 2025 жылғы 5 қаңтар – 2025 жылдың бірінші жұмыс күні. Төлемдерді өткізу мен операциялық күнді жабу бойынша жұмыстар бекітілген тәртіппен жүргізіледі.