
БҰҰ Бас Ассамблеясының қырық бесінші сессиясының ұсынымы бойынша Халықаралық қарттар күнін дәстүрлі түрде жыл сайын 1 қазанда өткізіледі. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен қазан айының екiншi жексенбiсi Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күнi болып белгіленді.
Осыған орай, өңірде Батыс Қазақстан облысының әкімінің орынбасары Б.Х. Нарымбетовпен «Мейірбандық күндері» облыстық қайырымдылық айлығын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
23 қазан күні Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасының ұжымымен қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ретінде төрт бала тәрбиелеп отырған Зашаған кентінің тұрғыны А.Е. Акбалиеваға азық-түлікпен көмек көрсетті.