
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (бұдан әрі-Комитет) «Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысына сәйкес, 2024 жылдың 11 қарашасынан бастап қазынашылық ақпараттық жүйелерін ISO 20022 халықаралық стандартына көшіру жоспарланғанын хабарлайды.
Қазіргі уақытта Комитет ISO 20022 халықаралық стандартын енгізу шеңберінде төлем хабарламаларын қабылдау және өңдеу бөлігінде ақпараттық жүйелерді пысықтау және тестілеу жұмыстарын аяқтауда.
2024 жылдың 11 қарашасынан бастап мемлекеттік мекемелердің қазынашылық ақпараттық жүйелерінің басқа да қатысушыларының (бұдан әрі - Клиенттер) хабарламалардың жаңа форматына сәтті көшуі үшін мынандай тәртіп көзделген:
2024 жылдың 8 қарашасы:
Сонымен қатар, 2024 жылдың 8 қарашада сағат 15:00-дегі жағдай бойынша «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесіндегі барлық қаржылық құжаттарды «Жаңа», «Бекіту» және «Қол қою» мәртебесімен АҚО-на (Бухгалтерден/Бас бухгалтерден алып тастау, Бас бухгалтер/Директорден жою) жіберілмеген құжаттарды қабылдамау немесе жою қажет.
2024 жылдың 11 қарашасынан бастап Клиенттердің ескі форматтарда жіберілетін төлем шоттары мен төлем тапсырмаларын қазынашылық органдары 2014 жылдың 04 желтоқсандағы №540 Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес қабылданбайды.(Өзгерістер енгізу жобасы іске асырылу барысында).