
Қыркүйек айының 1 онкүндігінде Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасында «Ашық есік» күні өтті. Орал қаласының №7 жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушылары басқарманың қызметімен танысып, тиісті ақпарат алды. Шара барысында оқушылар өз сұрақтарын қойып, басқарма мамандары өз жұмыстарының ерекшелектерін түсіндірді.