Облыстық бюджеттің нақтылануы туралы

Облыстық бюджеттің нақтылануы туралы

Ағымдағы жылдың 13 тамызында 2024 жылға арналған облыстық бюджет нақтыланды, бюджет 13,6 млрд. теңгеге ұлғайтылды.

Шығыстардың негізгі бөлігі 24,3% әлеуметтік салаға 3,3 млрд. теңге, ТКШ - 2,6 млрд. теңге (19,1%), көлік инфрақұрылымына 2,5 млрд. теңге (18,4%) бағытталды. Сондай-ақ, облыстық резерв 1,7 млрд. теңгеге толықтырылды.

Өзгерістерді ескере отырып, 2024 жылға арналған облыстық бюджеттің көлемі 515,4 млрд. теңгені құрады.