
2024 жылы " Қарызсыз қоғам " жобасы аясында өңірде "АМАНАТ" партиясының, жергілікті атқарушы органдардың, екінші деңгейдегі банктердің өкілдерінен өңірлік жобалау кеңсесі құрылды. Жобалық кеңсе Орал қаласы, Досмұхамедов көшесі, 45, 3 қабатта орналасқан.
Жобаға сәйкес ағымдағы жылы 6500 адамды оқыту жоспарланған, оқыту 5 ақпаннан басталды.
Жоспар шеңберінде бүгінгі таңда облыстың 11 ауданында (Ақжайық, Бөкей ордасы, Бәйтерек, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау) және Орал қаласында 4501 адам оқуды аяқтады.
Ағымдағы жылдың 12 тамызында БҚО қаржы басқармасының бастамасымен «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасын іске асыру бойынша отырыс өтті. Кеңес барысында "қарызсыз қоғам" жобасы аясындағы өзекті мәселелер қаралды.
Ағымдағы жылдың 12 тамызда БҚО қаржы бастамасымен «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасын жүзеге асыру бойынша отырысы өтті. Жиналыс барысында «Қарызсыз қоғам» жобысын аясында өзекті мәселелері қаралды.