28.06.2024ж. Баспасөз релизі

28.06.2024ж. Баспасөз релизі

2024 жылдың 28 маусымда Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының сессиясында «2023 жылғы облыстық бюджеттің орындалуы туралы» жылдық есеп бекітілді.

2023 жылғы облыстық бюджеттің негізгі орындалу көрсеткіштері мынадай.

Түсімдер бойынша (жыл басындағы бюджет қаражаттары қалдықтарын ескере отырмай) 2024 жылдың 1 қаңтар жағдайына облыстық бюджеттің орындалуы 425 048,1 млн. теңге деңгейінде немесе жоспарға 104,2% құрады (салыстыру үшін: 2021 жылғы - 317 253,0 млн. теңге немесе жоспарға 99,3%, 2022 жылғы -380 507,5 млн. теңге немесе жоспарға 100,4%), соның ішінде кірістер - 387 903,1 млн. теңге, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары – 12 612,6 млн. теңге, қарыздар түсімі – 24 532,3 млн. теңге.

Шығыстар бойынша 2023 жылғы облыстық бюджеттің орындалуы 412 979,8 млн. теңге немесе жоспарға 99,1% құрады, оның ішінде шығындар – 378 141,8 млн. теңге, бюджеттік кредиттер – 27 926,0 млн. теңге, қарыздарды өтеу – 6 912,0 млн. теңге. 2021 жылдың қорытындысымен салыстырғанда бюджеттің шығыс бөлігінің өсуі 10 пайыз құрады (2022 жылғы - 375 418,2 млн. теңге).

Салықтық түсімдер 112 973,7 млн. теңгеге немесе жылдық жоспарға 113,3% құрады (2022 жылғы - 98 651,2 млн. теңгеге немесе жоспарға 101,7%). 2022 жылдың қорытындысымен салыстырғанда салықтық түсімдердің өсуі 14,5 пайыз құрады.

Басымды міндет болып саналатын, Мемлекет басшысының 2023 жылдың қорытындысы бойынша алға қойған ағымдағы әлеуметтік міндеттемелерін қамтамасыз етуге қол жеткізілді.

«БҚО қаржы басқармасы» ММ-нің баспасөз қызметі