БҚО облыстық бюджеті. 2024 жылғы 1 маусымдағы қысқаша шолу

БҚО облыстық бюджеті. 2024 жылғы 1 маусымдағы қысқаша шолу

2024 жылға облыстық бюджеттің шығыстар/түсімдер бойынша жылдық көлемі 439,8 млрд. теңге (2023 жылға – 368,3 млрд.теңге сомасында бекітілді) немесе бюджеттің 19,4% өсуімен бекітілді. Нақтыланған - 485,6 млрд.теңге

2024 жылға арналған кірістер бойынша облыстық бюджеттің жылдық көлемі  412,2 млрд. теңгеге  нақтыланды, оның ішінде салықтық түсімдер бойынша - 100,1 млрд.теңге (2023 жылға салықтар - 95,8 млрд. теңге)

2024 жылдың 1 маусымына облыстық бюджеттің шығыстары 167,4 млрд. теңгеге немесе кезеңге арналған жоспарға 98,6%-ға атқарылды

2024 жылы республикалық бюджет алдындағы борыштық міндеттемелерді өтеудің бекітілген көлемі - 4,2 млрд.теңге. 1 маусымына өтеу - 2,3 млрд. теңге

2024 жылдың 1 маусымына облыстық бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы 149,4 млрд. теңге немесе жоспарға 101,4% құрады

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер түсімдерінің көлемі 308,0 млрд.теңге сомасында бекітілді (2023 жылға – 249,9 млрд. теңге), соның ішінде субвенциялар – 251,4 млрд. теңге, ағымдағы нысаналы трансферттері – 9,7 млрд. теңге, нысаналы даму трансферттері – 46,9 млрд. теңге. 1 маусымына 89,4 млрд. теңге түсті

 

2024 жылғы қаңтар-мамырда облыстық бюджетке нақты салық түсімі 55,3 млрд. теңгені құрады (2023 ж. қаңтар-мамыр – 44,6 млрд. теңге)

 

Республикалық бюджеттен қарыздар түсімі 18,3 млрд. теңге сомасында бекітілді. 1 маусымына жергілікті бюджет кірісіне 5,4 млрд. теңге қаражат түсті