
Орал қаласының аумағында тұрғын үйлер мен саяжай қауымдастықтарын су басудың алдын алу мақсатында Жайық және Шаған өзендерінің жағалауларын нығайту жұмысы жалғасуда. Қауіпті учаскелерде топырақ және құм толтырылған қапшықтар төселіп жатыр.
13-16 сәуір аралығында күндізгі уақытта 4 күн бойы облыстың қаржы басқармасының қызметкерлері Жәңгір хан көшесінде (Исатай мен Махамбет ескерткішінен Зашаган кентіне қарай, жалпы ұзындығы 1,8 км) құм салынған қаптарды дайындау және төсеу жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, аталған іс-шараларға студенттер, жекелеген білім беру ұйымдарының және бірқатар облыстық басқармалардың қызметкерлері қатысты.