23 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметші күні.

23 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметші күні.

     

       23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Есқалиевпен бекітілген  Мемлекеттік қызметшілер күніне бірлескен іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасының басшысы Д.Имашев ұжым қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, мемлекеттік қызметтегі үлгілі қызметі үшін Батыс Қазақстан облысының әкімі атынан бас маман Т.Стамкуловқа, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО бойынша Департамент төрағасы атынан бас маман В.Исбулатоваға алғыс хаттар табыстады.

          Сонымен қатар, мерекеге орай басқарманың өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, жоғарғы дəрежеде атқаратын жас мемлекеттік қызметшілер Т.Сериков, Н.Бисенғали, С.Сагинтаевтың ата-анасына Басқарма басшысы атынан алғыс жарияланды.

          Санитарлық нормаларды сақтау мақсатында және  қызметкерлердің 80 пайызы қашықтық қызметте болуына байланысты, мерекелік құттықтаулар онлайн режимінде өткізілді.