БҚО облыстық бюджеті. 2024 жылғы 1 сәуірдегі қысқаша шолу

БҚО облыстық бюджеті. 2024 жылғы 1 сәуірдегі қысқаша шолу

БҚО облыстық бюджеті. 2024 жылғы 1 сәуірдегі қысқаша шолу

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы №8-1 шешімімен бекітілді (өзгерістер мен толықтыруларды қоса)

2024 жылға облыстық бюджеттің шығыстар/түсімдер бойынша жылдық көлемі 439,8 млрд. теңге (2023 жылға – 368,3 млрд.теңге сомасында бекітілді) немесе бюджеттің 19,4% өсуімен бекітілді. Нақтыланған - 470,1 млрд.теңге

2024 жылға арналған кірістер бойынша облыстық бюджеттің жылдық көлемі  405,2 млрд. теңгеге  нақтыланды, оның ішінде салықтық түсімдер бойынша - 95,1 млрд.теңге (2023 жылға салықтар - 84,7 млрд. теңге)

2024 жылдың 1 сәуіріне облыстық бюджеттің шығыстары 84,7 млрд. теңгеге немесе кезеңге арналған жоспарға 99,9%-ға атқарылды

2024 жылы республикалық бюджет алдындағы борыштық міндеттемелерді өтеудің бекітілген көлемі - 4,2 млрд.теңге. 1 сәуіріне өтеу - 0,8 млрд. теңге

2024 жылдың 1 сәуіріне облыстық бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы 84,9 млрд. теңге немесе жоспарға 109,1% құрады

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер түсімдерінің көлемі 308,0 млрд.теңге сомасында бекітілді (2023 жылға – 249,9 млрд. теңге), соның ішінде субвенциялар – 251,4 млрд. теңге, ағымдағы нысаналы трансферттері – 9,7 млрд. теңге, нысаналы даму трансферттері – 46,9 млрд. теңге. 1 сәуіріне 47,9 млрд. теңге түсті

2024 жылғы қаңтар-наурызда облыстық бюджетке нақты салық түсімі 33,6 млрд. теңгені құрады (2023 ж. қаңтар-наурыз – 27,1 млрд. теңге)

Республикалық бюджеттен қарыздар түсімі 18,3 млрд. теңге сомасында бекітілді. 1 сәуіріне жергілікті бюджет кірісіне қаражат түскен жоқ

 

Ескертпе: Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасында республикалық бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттерге жататын - облыстық бюджет, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері бекітіледі, атқарылады және дербес бюджеттер болып табылады. Облыс бюджеті өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, облыстық бюджетті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетін біріктіретін орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.