
Бекітілген регламентіне сәйкес 2024 жылдың 10 ақпанынан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының және облыстық басқармалардың қызметкерлері арасындағы спартакиада жүргізілуде. 2 наурызда воллейболдан өткен жарыстың нәтижелері бойынша қаржы басқармасының командасы бірінші орынды иеленді. Құттықтаймыз!!!
Қолданыстағы ережеге сәйкес, спартакиаданың келесі кезеңдері бойынша қасиетті Рамазан айының кезеңіне байланысты үзіліс жарияланады, ол 2024 жылғы 20 сәуірде қайта басталады.
Басқарманың қызметшілері қалған спорт түрлері бойынша алдағы жарыстарға да қатысады: дәстүрлі садақ ату, жеңіл атлетика, шағын-футбол және арқан тарту. Әріптестерімізге жеңіс тілейміз!