
Бекітілген регламентіне сәйкес 2024 жылдың 10 ақпанынан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының және облыстық басқармалардың қызметкерлері арасындағы спартакиада басталды.
24 ақпанда өткізілген жарыстың нәтижелеріне ерлер арасында жүзу спорт түрінен басқарма басшысының орынбасары Мейржан Ахметжанович Баймаганбетов күміс жүлдені жеңіп алды, қазақша күрес бойынша басқарманың бас мамандары Ерасыл Нагымов и Муратбек Салимгалиев алтын және күміс жүлдені жеңіп алды. Әйелдер арасында асық ату бойынша Анна Боярова және Айнагуль Стамкулова командалық қола жүлдені жеңіп алды. Құттықтаймыз!!!