Сессия жұмысына облыс әкімі Н.Төреғалиев, облыстық мәслихаттың депутаттары, тиісті облыстық басқармалардың басшылары қатысты.
Сессия жұмысын облыстық мәслихаттың төрағасы М.Мұқаев жүргізді.
Күн тәртібінде облыстық мәслихаттың кезекті 10-ші сессиясының мәселелері қаралды.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 8-1 «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндама жасаған Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы басшысы Н.Есенғалиев, нақтылауға ұсынылып отырған облыстық бюджетінің кіріс және шығыс бөлігіне тоқталып, негізгі бағыттарын айтып өтіп, депутаттар қойған сұрақтарға жауап берді.