
БҚО облыстық бюджеті. 2024 жылғы 1 ақпандағы қысқаша шолу
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы №8-1 шешімімен бекітілді
2024 жылға облыстық бюджеттің шығыстар/түсімдер бойынша жылдық көлемі 439,8 млрд. теңге (2023 жылға – 368,3 млрд.теңге сомасында бекітілді) немесе бюджеттің 19,4% өсуімен бекітілді
2024 жылға арналған кірістер бойынша облыстық бюджеттің жылдық көлемі 395,3 млрд. теңгеге бекітілді, оның ішінде салықтық түсімдер бойынша – 85,3 млрд.теңге (2023 жылға салықтар - 84,7 млрд. теңге)
2024 жылдың 1 ақпанына облыстық бюджеттің шығыстары 14,7 млрд. теңгеге немесе кезеңге арналған жоспарға 94,8%-ға игерілді
2024 жылы республикалық бюджет алдындағы борыштық міндеттемелерді өтеудің бекітілген көлемі - 4,2 млрд.теңге. 1 ақпанына өтеу жүргізілген жоқ
2024 жылдың 1 ақпанына облыстық бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы 17,4 млрд. теңге немесе жоспарға 112,2% құрады
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер түсімдерінің көлемі 308,0 млрд.теңге сомасында бекітілді (2023 жылға – 249,9 млрд. теңге), соның ішінде субвенциялар – 251,4 млрд. теңге, ағымдағы нысаналы трансферттері – 9,7 млрд. теңге, нысаналы даму трансферттері – 46,9 млрд. теңге. 1 ақпанына 7 млрд. теңге түсті
2024 жылғы қаңтарда облыстық бюджетке нақты салық түсімі 9,8 млрд. теңгені құрады (2023 ж. қаңтарда – 8,2 млрд. теңге)
Республикалық бюджеттен қарыздар түсімі 18,3 млрд. теңге сомасында бекітілді. 1 ақпанына жергілікті бюджет кірісіне қаражат түскен жоқ
Ескертпе: Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасында республикалық бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттерге жататын - облыстық бюджет, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері бекітіледі, атқарылады және дербес бюджеттер болып табылады. Облыс бюджеті өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, облыстық бюджетті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетін біріктіретін орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.