
«Алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға бюджеттік кредит беру туралы
«Жайық жастары» бағдарламасы
Жергілікті бюджет қаражаты
Кредит беру көлемі - 600,0 млн. теңге
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі - облыстың қоғамдық даму басқармасы, 8(7112) 24-09-67
Нысаналы мақсаты – Тұрғын үй сатып алу мақсатында Бағдарламаға қатысушыларға кредит беру
Өтінімдерді қабылдау және әлеуетті қатысушыларды іріктеу: Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 188 (БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының үй-жайы)
«Отбасы банк» АҚ Бағдарламаға қатысушыларды мынадай талаптарды ескере отырып, олармен банктік қарыз шартын жасасу арқылы кредиттейді: қарыздың ең жоғарғы сомасы 15 млн. теңгеге тең. Бағдарлама қатысушысы тұрғын үй құнының бір бөлігін «Отбасы банк» АҚ ашылған ағымдағы шотқа жарна арқылы өз қаражаты есебінен төлеуге құқылы. Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5 пайыз. Бағдарламаға қатысушылардың жасы: 21-35 жас аралығы