
БҚО облыстық бюджеті. 2024 жылғы 1 қаңтардағы қысқаша шолу
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №16-1 шешімімен бекітілді (өзгерістер мен толықтыруларды қоса)
2023 жылға облыстық бюджеттің шығыстар/түсімдер бойынша жылдық көлемі 368,3 млрд. теңге (2022 жылға – 323,6 млрд.теңге) немесе бюджеттің 13,8% өсуімен бекітілді. Нақтыланған - 421,2 млрд.теңге
2023 жылға арналған кірістер бойынша облыстық бюджеттің жылдық көлемі 374,6 млрд. теңгеге нақтыланды, оның ішінде салықтық түсімдер бойынша – 99,7 млрд.теңге (2022 жылға салықтар - 97,0 млрд. теңге)
2024 жылдың 1 қаңтарына облыстық бюджеттің шығыстары 413,0 млрд. теңгеге немесе кезеңге арналған жоспарға 99,1%-ға игерілді
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер түсімдерінің жылдық көлемі 262,9 млрд.теңге құрайды, соның ішінде субвенциялар – 211,0 млрд. теңге, ағымдағы нысаналы трансферттері – 5,9 млрд. теңге, нысаналы даму трансферттері – 45,9 млрд. теңге. 2023 жылдың қорытындысы бойынша – 262,9 млрд. теңге түсті
2023 жылы республикалық бюджет алдындағы борыштық міндеттемелерді өтеудің нақтыланған көлемі - 5,6 млрд.теңге, олар толық көлемінде өтелді
2024 жылдың 1 қаңтарына облыстық бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы 387,9 млрд. теңге немесе жоспарға 104,6% құрады
2023 жылғы қаңтар-желтоқсан облыстық бюджетке нақты салық түсімі 113,0 млрд. теңгені құрады (2022 ж. қаңтар-желтоқсан – 98,7 млрд. теңге)
Республикалық бюджеттен қарыздар түсімі 15,6 млрд. теңге сомасында көзделген. 2023 жылдың қорытындысы бойынша -15,6 млрд. теңге түсті
Ескертпе: Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасында республикалық бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттерге жататын - облыстық бюджет, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері бекітіледі, атқарылады және дербес бюджеттер болып табылады. Облыс бюджеті өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, облыстық бюджетті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетін біріктіретін орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.