
2024 жылға арналған бюджет. Батыс Қазақстан облысының бюджетінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер және кредиттердің негізгі бағыттары
2024 жылға арналған бекітілген жылдық көлемі - 74,9 млрд. теңге, соның ішінде нысаналы трансферттері – 56,6 млрд. теңге, бюджеттік кредиттер – 18,3 млрд. теңге
Нысаналы трансферттер:
1) республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің түсімі:
ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға - 0,7 млрд. теңге;
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға - 1,5 млрд. теңге;
жылумен жабдықтау жүйелерін дамытуға - 0,5 млрд. теңге;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттердің түсімі:
«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде орта білім беру объектілерін салуға - 19,2 млрд. теңге;
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға - 5,1 млрд. теңге;
ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға - 3,4 млрд. теңге;
көліктік инфрақұрылымды дамытуға - 5,2 млрд. теңге;
жылу-энергетика жүйесін дамытуға - 4,4 млрд. теңге.
Бюджеттік кредиттер:
ауыл халқының кірістерін арттыру жөніндегі жобаны ауқымды түрде қолдану үшін ауыл халқына микрокредиттер беруге - 7,9 млрд. теңге;
агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларға кредит беруге- 5,0 млрд. теңге;
жастардың кәсiпкерлiк бастамашылығына жәрдемдесуге кредит беруге - 1,3 млрд. теңге;
мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға кредит беруге-3,1 млрд. теңге.