
2024 жылға арналған облыстық бюджеті. Қысқаша шолу
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы №8-1 шешімімен бекітілді
Облыстық бюджеттің шығыстар/түсімдер бойынша жылдық көлемі 439,8 млрд. теңге (2023 жылға – 368,3 млрд.теңге сомасында бекітілді) немесе бюджеттің 19,4% өсуімен бекітілді
2024 жылға арналған кірістер бойынша облыстық бюджеттің жылдық көлемі 395,3 млрд. теңгеге бекітілді, оның ішінде салықтық түсімдер бойынша – 85,3 млрд.теңге (2023 жылға салықтар - 84,7 млрд. теңге)
2024 жылы республикалық бюджет алдындағы борыштық міндеттемелерді өтеудің бекітілген көлемі - 4,2 млрд.теңге
Iшкi нарықта орналастырылған БҚО әкімдігі мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негiзгi борышты өтеу 5,5 млрд. теңге құрайды
Республикалық бюджеттен қарыздар түсімі 18,3 млрд. теңге сомасында бекітілді
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер түсімдерінің көлемі 308,0 млрд.теңге сомасында бекітілді (2023 жылға – 249,9 млрд. теңге), соның ішінде субвенциялар – 251,4 млрд. теңге, ағымдағы нысаналы трансферттері – 9,7 млрд. теңге, нысаналы даму трансферттері – 46,9 млрд. теңге
2024 жылға облыстық бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге берілетін субвенциялар мөлшері - 11,5 млрд. теңге, соның ішінде:
Ақжайық ауданы – 1,2 млрд. теңге;
Бөкей ордасы ауданы – 1,0 млрд. теңге;
Жаңақала ауданы – 0,8 млрд. теңге;
Жәнібек ауданы – 1,2 млрд. теңге;
Казталов ауданы – 1,0 млрд. теңге;
Қаратөбе ауданы – 1,4 млрд. теңге;
Сырым ауданы – 1,4 млрд. теңге;
Тасқала ауданы – 1,1 млрд. теңге;
Теректі ауданы – 0,7 млрд. теңге;
Шыңғырлау ауданы – 1,7 млрд. теңге