15 ноября-День национальной валюты

15 ноября-День национальной валюты

         2023 жылдың 15  қараша-Ұлттық валюта күні, қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Орал қаласының «Атамекен» өнер ордасында салтанатты түрде қаржы саласының еңбек ардагерлерінің, қызметкерлерінің, шақырылған қонақтардың қатысуымен Тәуелсіз еліміздің символына айналған Қазақстанның Ұлттық валютасы – теңгеміздің 30 жылдығына арналған үлкен шара оздырылды. Жиында Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Төреғалиев барлық қатысушыларды құттықтап,  Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесі қалыптасу, тұрақтылығы, бюджеттік саясаттың тиімділігін арттыру бағытында бірнеше жылдары үздік еңбек еткен  көптеген қаржыгерлерді марапаттады. Жиын мерекелік концертпен жалғасты.