Ұлттық валюта-теңгенің 30 жылдығы

Ұлттық валюта-теңгенің 30 жылдығы

Құрметті ардагерлер мен әріптестер !

 Биылғы мерейтойлық жылы қаржыгерлер елеулі датаны – Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасы-тенгенің 30-жылдығын атап өтуде.

Қаржы жүйесінің қалыптасуы мен дамуының 30 жылдық тарихы мемлекет тарихымен тығыз байланысты, бұл ел экономикасының негізі.

Қаржы қызметі - бұл өмірлік міндет. Қаржы органдары қызметкерлерінің жоғары кәсібилігі, жанқиярлығы және өз ісіне берілгендігі мемлекеттің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қалыптастырады, бұл ауқымды мемлекеттік өзгерістерді табысты іске асыруға, экономикалық өсуді, қаржылық тұрақтылықты және азаматтарының әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Басқармада ардагерлерді құрметтейді және еске алады, оларды назардан тыс қалдырмауға тырысады. Аға буынның даңқты жолын жалғастыру, олардың жетістіктерін көбейту-жас қаржыгерлердің борышы. Біздің республикамызды өркендету жолындағы еңбек – кез келген уақытта кез келген қаржыгер жұмысының негізгі қағидаттары болды және бұл дәстүр бүгінгі күні де жалғасуда.

Осындай айтулы күні қаржы жүйесінің барлық қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын. Ардагерлерге мықты денсаулық және ұзақ өмір, қызметкерлер мен жас мамандарға ортақ мақсат – еліміздің өркендеуі жолындағы еңбектеріне табыс тілеймін.

Құрметпен, Нурлан Есенғалиев