
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы бюджеттегі жетістіктер
Нарықтық экономика негіздерін қалыптастыру Қазақстанда отыз жыл астам бұрын күрделі экономикалық жағдайларда басталған болатын. Республиканы терең экономикалық дағдырыстан шығару үшін ауқымды реформалар қажет болды. Осындай күрделі жағдайларда Қазақстанда өзіндік ұлттық валюта – теңгені енгізуге дайындық жүргізілді.
Бүгінгі таңда өзгерістер уақыты Қазақстан үшін тек қана сынақ емес, сонымен қатар жетістіктер кезеңі, соның ішінде мемлекеттік қаржы жүйесінің қалыптасуы мен нығаюында болғаны баршаға мәлім.
Бюджетті жоспарлау мен атқару, банк және салық саласы, мемлекеттік қаржылық бақылау мен мемлекеттік мүлікті басқаруды жүзеге асыру болсын, барлық қаржыгерлер мемлекетінің қаржы жүйесін қалыптастыруға және оның тұрақты жұмыс істеуіне қосқан үлесі баға жетпес.
Қазақстанның бюджет құрылымын айқындаған «Қазақстан Республикасының Бюджет жүйесі туралы» бірінші Заңға 1991 жылғы 17 желтоқсанда қол қойылғаны есте қаларлық оқиға.
Тәуелсіздік жылдары облыс бюджетінің көлемі (1991-1992 жылдары - рубль) бірнеше есе өсті. Егер 1993 жылы бюджеттің жалпы көлемі бар болғаны 0,2 млрд. теңгені, 2000 жылы – 11,0 млрд. теңгені құраса, 2023 жылы 481 млрд. теңгеден астам соманы құрайды.
Ірі ауқымды әлеуметтік-саяси және экономикалық қайта құрулар арқылы қол жеткізілген өңірдегі қолайлы экономикалық жағдай салық түсімдерінің серпіні мысалдарының бірі ретінде облыс бюджеті көрсеткіштерінің елеулі өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 1993 жылдан бастап (0,1 млрд. теңге) облыс бюджетіне жоспарлы салық түсімдері 1,5 мың есеге, ал 2000 жылдан бастап 16 есеге, 9,8 млрд. теңгеден 2023 жылы - 153,9 млрд. теңгеге дейін өсті.
Басымдықтар туралы айта отырып, бюджет әрқашан айқын әлеуметтік бағытқа ие болғанын атап өткен жөн. Мәселен, 1993 жылы әлеуметтік саланы қаржыландыруға бағытталған бюджет шығыстары 0,1 млрд. теңгені құрады, ол кезде бюджет шығыстарының негізі болған, 2023 жылы бұл шығыстар 262,6 млрд. теңгені немесе облыс бюджетінің шамамен 55 пайызын құрайды.
Сайып келгенде, 90-жылдардың ортасы мен 2000 - жылдардың басында бірінші кезектегі міндет шешілді – ағымдағы әлеуметтік міндеттемелерді қамтамасыз ету, жалақы, атаулы әлеуметтік төлемдер төлеу, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт ұйымдарын ұстау.
Сонымен бірге, 2000 жылдардың ортасынан бастап экономикадағы жетістіктер инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды, яғни даму бюджетін іске асыруға да назар аударуға мүмкіндік берді.
Халықтың өмір сапасын жақсарту және әл-ауқатын арттыру «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ақ бұлақ», «Қолжетімді баспана» сияқты бағдарламалары және басқа да әлеуметтік маңызы бар бағдарламалық құжаттар есебінен іске асырылды.
Мәселен, егер 2000-шы жылдардың бірінші бесжылдығында даму бюджетіне небәрі 14,0 млрд. теңге бағытталса, тек 2023 жылы шамамен 80 млрд. теңге көзделген.
Бюджеттік қаржыландырудың арқасында ауылдық аумақтардың инфрақұрылымы, азаматтардың тұрғын үй жағдайлары сапалы жақсарды, газдандыру және ауыз сумен жабдықтау, облыс орталығы мен облыс аудандары арасындағы көліктік қолжетімділік мәселелері шешілді, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорттың жүздеген объектілері салынды және күрделі жөнделді.
Бұл көрсеткіштер қаржыгерлердің Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жұмысының және бюджеттің әлеуметтік бағдарлануының нәтижелерін айқын айғақтайды.
Жалпы, бүгінгі таңда өңірдің бюджет саясаты облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын іске асыруға және бюджет шығыстарының тиімділігін арттыруға бағытталған.