
Сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасары Т.Каюпов, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары қатысты.
Сессия жұмысын облыстық мәслихаттың төрағасы М.Мұқаев жүргізді.
Күн тәртібінде облыстық мәслихаттың кезекті 7-ші сессиясының мәселелері қаралды.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 16-1 «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндама жасаған Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының басшысы Н.Есенгалиев, нақтылауға ұсынылып отырған облыстық бюджетінің кіріс және шығыс бөлігіне тоқталып, негізгі бағыттарын айтып өтіп, депутаттар қойған сұрақтарға жауап берді.