
2023 жылдың 14 қыркүйегінде «Батыс Қазақстан қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде «Ашық есік» күні өтті. Іс-шараның мақсаты: тұрғындарға ашықтықты арттыру, басқарма қызметімен және міндеттерімен танысу. Іс-шара барысында келушілер, атап айтқанда, N3, N7, N21 мектептердің мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары Басқарманың қызметімен, штаттық құрылымымен, оның ішінде Басқарманың мемлекеттік қызметке кіру тәртібімен таныстырылды. Басқарма басшының орынбасары М.Айдынғалиев пен бөлім басшылары Басқарманың миссиясы мен міндеттеріне тоқталды. Келушілер облыстық бюджетті жоспарлау және атқару бағытында өздерін толғандырған сауалдарына жан-жақты жауаптар алды.