Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Әлібек Қуантыров "Ауыл - ел бесігі" шеңберінде іске асырылған жобалардың сапасын бағалады. Аталған бағдарлама бойынша өңірде әлеуметтік нысандар салынады, жолдар жөнделеді, көшелер жарықтандырылады.
ҰЭМ басшысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылындағы 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барды.
Бұдан басқа, Министр Ақжайық ауданы Чапаев ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Ауыл тұрғындары Ұлттық экономика министрлігі басшысына Орал-Атырау автожолын қайта жаңартуға ерекше назар аударуды сұрады. Болашақта автомобиль жолын кеңейту жоспарлануда. Сондай-ақ, жұртшылық өкілдері ауылішілік және кірме жолдарды жөндеуді сұрайды. Олардың айтуынша, инфрақұрылымды жаңғырту аймақтың дамуына ықпал етеді.
Жұмыс сапары шіғберінде Әлібек Қуантыров «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) компаниясының қызметімен, Ақсай қаласының жылыту маусымына дайындық барысымен танысты және Оралдағы "Батыс су арнасы" ЖШС-қа барды.
Сондай-ақ, өңірге жұмыс сапары барысында Әлібек Қуантыров кәсіпкерлермен кездесу өткізді.