Өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде брифинг, 2 тамыз 2023ж.

Өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде брифинг,  2 тамыз 2023ж.

Ағымдағы жағдайдағы бюджет - мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешудің негізгі құралдарының бірі.

Бюджетті тиімді басқару және мемлекеттік қаржының теңгерімділігі өңірдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етудің аса маңызды факторы болып табылады.

2023 жылға арналған облыс бюджеті туралы

Облыс бюджетінің негізгі көрсеткіштеріне тоқталып өтейін. Облыс бюджетінің кіріс бөлігін қалыптастыру мен толықтырудың негізгі көзі болып салықтар және трансферттер деп аталатын өтеусіз және нысаналы сипаттағы республикалық бюджеттен түсетін түсімдер табылады.

Бүгінгі таңда 475,6 млрд. теңге көлеміндегі облыстың жылдық бюджеті 35%-ға жергілікті деңгейге түсетін салықтар мен салықтық емес төлемдерден, яғни өзіндік кірістерден тұрады, ал 56%-ы - республикалық бюджеттен берілетін субвенцияға және нысаналы трансферттерге тиесілі.

Облыс бюджетінің шығыс бөлігінде басты назар әлеуметтік салада, бұл бағытта 258,1 млрд. теңге қаралған немесе бюджет көлемінің 54,3%, және экономиканың нақты секторында, атап айтқанда аграрлық-өнеркәсіптік сектор, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, бұл бағытта 142,3 млрд. теңге немесе бюджеттің 30% қаралған.

Келесі слайдта Сіз 2023 жылға арналған облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттерінің және 13 төмен тұрған бюджеттердің ағымдағы жылдық көлемін көре аласыз.

Төмен тұрған бюджеттердің арасында "бюджеттік көшбасшы" болып табылатын жылдық көлемі 63,7 млрд. теңгені құрайтын Орал қаласы әкімдігі.

Облыс бюджетінің шығыстары осы жылдың 1 жартыжылдығында 217,3 млрд. теңгеге немесе жоспарға 99,9%-ға орындалды (2022ж. 1 ж/ж. - 165,9 млрд. тг. /өсім +51,4 млрд.тг.).

Облыс бойынша 113,8 млн. теңге игерілмеген.

Осы жылы даму бюджетіне 26 млрд. теңге бағытталды, өткен жылдың тиісті кезенімен салыстырғанда 2 есеге көп (2022ж. 1 ж/ж. – 12,5 млрд. тг.).

Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша атқарылу 99,9 пайызды немесе 22,8 млрд. теңгені құрады.

Қаражат «Жайлы мектеп» пилоттық жобасы шеңберінде білім беру объектілерін салуға - 9 млрд. теңге, ауыл халқының кірістерін арттыру жөніндегі жобаны ауқымды түрде қолдану үшін ауыл халқына микрокредиттер беруге – 6,4 млрд. теңге және басқа да әлеуметтік маңызы бар бағыттарға бағытталды.

Келесі слайдта Сіз 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттері бөлінісінде шығыстардың орындалуын көре аласыздар.

Қаражатты игеру бойынша республика өңірлері арасында Батыс Қазақстан облысы көшбасшы позицияларда.

Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында 14 жергілікті бюджет бөлінісінде облыс бюджетінің егжей-тегжейлі орындалуы ағымдағы слайдта ұсынылған.

Облыс бюджетінің қысқаша атқарылуы осындай.