«Ауыл-Ел бесігі» жобасын іске асыру. Казталов ауданы

«Ауыл-Ел бесігі» жобасын іске асыру. Казталов ауданы

Ағымдағы жылдың 5 шілдесі басқарма басшысының орынбасары М.Баймаганбетов облыс әкімінің орынбасары Т.Каюповпен бірге  Казталов ауданына жұмыс сапарымен барып, аудандағы бірқатар білім беру нысандарының құрылысы және абаттандыру жұмыстары, денсаулық сақтау нысандарының құрылысы және жол жөндеу жұмыстарымен танысты. Казталов ауданында республикалық бюджет есебінен бірқатар жобалар іске асырылуда, атап айтқанда денсаулық сақтау саласы бойынша  Қараоба және Бостандық дәрігерлік амбулаториялары мен Қараөзен фельдшерлік акушерлік пунктінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен бірге, Казталов ауданы бойынша «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан Бостандық және Қараоба ауылдарының ауылішілік жолдарын қайта жаңғырту жұмыстарының жұмыс қарқынымен танысты. Аталған жоба аясында Бостандық ауылының көшелерін қайта жаңғырту бойынша, мердігер «Жайық Сити» ЖШС жол құрылыстарын бастауға ауа райының қолайсыздық туғызып отырғанын хабарлады. Қараоба ауылы бойынша жол құрылыстары басталып, жолға топырақ төсеу, тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығы анықталды.

Жұмыс сапарында ауылдық елді мекендердегі су тапшығын жою мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде,  Кіші Өзенінен Қараоба ауылын техникалық сумен жабдықтау пилоттық жобасы таныстырылды.

Өңір басшылығы Қараөзен ауылында жөндеуді қажет ететін ауылішілік жолдың жағдайымен танысты. Сонымен қатар, аудан орталығындағы 600 орындық мектеп құрылысының ахуалымен танысып, мердігер ұйымға мектеп ғимаратын ағымдағы жылдың 15 тамызға дейін аяқтау тапсырылды.