
2023 жылдың 31 мамырда Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының сессиясында «2022 жылғы облыстық бюджеттің орындалуы туралы» жылдық есеп бекітілді.
2022 жылғы облыстық бюджеттің негізгі орындалу көрсеткіштері мынадай.
Түсімдер бойынша (жыл басындағы бюджет қаражаттары қалдықтарын ескере отырмай) 2023 жылдың 1 қаңтар жағдайына облыстық бюджеттің орындалуы 380 507,5 млн. теңге деңгейінде немесе жоспарға 100,4% құрады (салыстыру үшін: 2021 жылғы - 317 253,0 млн. теңге немесе жоспарға 99,3%), соның ішінде кірістер - 355 096,3 млн. теңге, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары – 15 557,8 млн. теңге, қарыздар түсімі – 9 853,4 млн. теңге.
Шығыстар бойынша 2022 жылғы облыстық бюджеттің орындалуы 375 418,2 млн. теңге немесе жоспарға 98,1% құрады, оның ішінде шығындар – 344 036,4 млн. теңге, бюджеттік кредиттер – 12 887,4 млн. теңге, қарыздарды өтеу – 18 494,4 млн. теңге. 2021 жылдың қорытындысымен салыстырғанда бюджеттің шығыс бөлігінің өсуі 14,8 пайыз құрады (2021 жылғы - 327 083,7 млн. теңге).
Салықтық түсімдер 98 651,2 млн. теңгеге немесе жылдық жоспарға 101,7% құрады (2021 жылғы - 79 471,1 млн. теңге немесе жоспарға 96,0%). 2021 жылдың қорытындысымен салыстырғанда салықтық түсімдердің өсуі 24,1 пайыз құрады.
Басымды міндет болып саналатын, Мемлекет басшысының 2022 жылдың қорытындысы бойынша алға қойған ағымдағы әлеуметтік міндеттемелерін қамтамасыз етуге қол жеткізілді.