
11.04.2023ж. Баспасөз релизі
Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде облыстық мәслихатының сессиясында басқарма басшысы Нурлан Мухитович Есенгалиев 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау туралы шешім жобасын ұсынды.
2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Бөлудің жалпы сомасы 38,9 млрд. теңгені құрады. Өзгерістерді ескере отырып, облыстық бюджет 396,9 млрд. теңгені құрады.
Әлеуметтік салаға 9,9 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде: білім беру – 5,8 млрд.теңге; денсаулық сақтау – 3,1 млрд. теңге; әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету – 186,1 млн. теңге; мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік – 781,3 млн. теңге. Шығыстардың негізгі бөлігі мынадай іс-шараларға бағытталған: 1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету, жалпыға бірдей оқу қорының шығыстары – 1,8 млрд. теңге, 63 ауылдық мектептерді модернизациялау (пәндік кабинеттер мен жиһаздарды сатып алуға) – 1,1 млрд. теңге, білім беру нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету – 512 млн. теңге, санитарлық автокөліктер мен медициналық құрылғыларды сатып алу – 2,7 млрд. теңге; 11 білім беру нысанын, 1 мәдениет нысанын және 1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы нысанын (Ақжайық, Теректі, Жаңақала, Бөкей ордасы, Казталов, Тасқала, Сырым6 Бәйтерек аудандары және Орал қаласы) күрделі жөндеуді аяқтау, Қаратөбе ауданы Шалғын ауылында мектептің құрылысын және Ақжайық ауданы Бударин ауылындағы мәдениет үйі ғимаратын қайта жаңартуды аяқтау – 1,8 млрд. теңге, 17 денсаулық сақтау және 2 білім беру нысандарының құрылысына ЖСҚ жасақтау (Ақжайық, Бөрлі, Шыңғырлау, Жаңақала, Жәнібек, Қаратөбе, Казталов аудандары мен Орал қаласы) – 541 млн. теңге.
Ветеринария және қоршаған ортаны қорғауға 1,8 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде: облыс аумағында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге – 86,7 млн. теңге, орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту – 385,6 млн. теңге, Бөрлі ауданының Жарсуат ауылындағы жағалауды бекіту жұмыстарын, Ақжайық ауданы Чапаев ауылының Жайық өзенінің жағалауын бекіту құрылысын, Ақжайық ауданының Азнабай-Тайпақ суландыру жүйесін қайта жаңартуды аяқтау – 1 млрд. теңге, Казталов ауданы Кіші Өзен өзенінен Қараоба ауылын техникалық сумен жабдықтау – 150 млн. теңге.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа шамамен 3,1 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде: жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер жүргізуге – 288,3 млн. теңге, Теректі ауданы үш көппәтерлі тұрғын үй құрылысын аяқтау және Ақжайық пен Шыңғырлау аудандарында екі көппәтерлі тұрғын үй құрылысын жалғастыру – 600,4 млн. теңге, Теректі және Бөрлі аудандары, Орал қаласында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды, тұрғын үйлерді абаттандыруды аяқтау – 221,9 млн. теңге, Бәйтерек ауданының сумен жабдықтау нысандары құрылысын және «Жайықжылуқуат» АҚ Орал ЖЭО айналымды сумен жабдықтауын градирняны ауыстыру бөлігінде қайта жаңартуды аяқтау – 864,1 млн. теңге, Ақжайық және Сырым аудандарының ауылдарында 2 газ құбырының құрылысы және Теректі ауданының ауылдарында 2 әлеуметтік нысандарына газдандыру үшін қазандық салу – 104 млн. теңге, Бөрлі ауданының Кеңтүбек және Успен ауылдарында электр желілерін қайта жаңғырту – 642,1 млн. теңге және Орал қаласында көшелік модульдік қоғамдық дәретхананы орнату – 112 млн. теңге.
Көлік инфрақұрылымын қаржыландыруға 1,3 млрд. теңге, атап айтқанда, Орал қаласының көшелеріне орташа жөндеу және автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету