Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

2022 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының №177-VII ҚРЗ Заңымен 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 49-бабына өзгерістер енгізіліп, республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттердің кірістеріне мынадай қосымша түсімдер берілді:

- тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем;

- жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем;

- жеке басын куәландыратын құжаттар берілгені үшін мемлекеттік баж;

- жүргізуші куәліктерінің, тракторшы-машинист куәліктерінің, механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж;

- iшкi iстер органдарының тiркеу-емтихан қабылдау бөлiмшелерiнде отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сақтауда тұрған, автомобильге мемлекеттiк тiркеу нөмiрі белгілерін қоспағанда, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің (телнұсқаларының) берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж;

- нотариаттық іс-әрекеттер жасалғаны үшін, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттар көшiрмелерiнің (телнұсқаларының) берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж;

- зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж;

- мемлекеттік мекемелерді сотқа берген талап қою арыздарынан алынатын мемлекеттік баж;

- жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін алынатын мемлекеттік баж;

- мұнай секторы ұйыдарынан түсетін түсімдерден басқа залалдың орнын толтыру туралы өтініштер бойынша табиғатты пайдаланушылардан алынатын қаражат;

- мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді және салық салу саласындағы құқық бұзушылықтарды қоспағанада, сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етуші уәкілдік берген сот орындаушылары, сот приставтары және соттардың басқа да қызметкерлері, салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар.

 

Ескертпе: Бұрын 108125 «Республикалық бюджетке есептелетін мемлекеттік баж» БСК-на төленген аталған баж төлемдері, енді 108126 «Жергілікті бюджетке есептелетін мемлекеттік баж» БСК-на төленуі тиіс.