Мүлікті жалдауға (жалға алу) қатысты

Мүлікті жалдауға (жалға алу) қатысты

«Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ-мен шағын және орта бизнес субъектілерімен жасалған коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдау (жалға алу) шарттары бойынша жалдау төлемдерін есептеуді ағымдағы жылдың 20 наурызынан бастап 3 ай мерзімге тоқтата тұру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Осыған байланысты, мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жалға алушының жалдау төлемдерін тоқтата тұру және жалға беруші мен жалға алушы арасында ЭЦҚ арқылы коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдау (жалға алу) шарттарына қосымша келісімдер жасау туралы ЭЦҚ-мен қол қойылған электронды өтінімін беруі үшін функционал енгізілді.