
15 қараша-Ұлттық валюта күні, қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында басқарманың акт залында салтанатты түрде қаржы саласының еңбек ардагерлерінің, шақырылған қонақтардың қатысуымен шара оздырылды. Жиында Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесі қалыптасу, тұрақтылығы, бюджеттік саясаттың тиімділігін арттыру бағытында бірнеше жылдары үздік еңбек еткен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі А.Амриннің алғыс хаттарымен басқарма басшысының орынбасары М.Баймаганбетов, бөлім басшысы Ж.Ажаков, Қаржы министрлігінің аппарат басшысы А.Бейсенбекұлының алғыс хаттарымен басқарма басшысының орынбасары Н.Гайтпаева, бөлім басшысы А.Ергалиева, Батыс Қазақстан облысы әкімі Ғ.Есқалиевтің алғыс хаттарымен бөлім басшылары А.Кадыров, А.Мырзахметова, бас мамандар А.Боярова, А.Стамкулова, А.Жумалиева, А.Арыстанов, Ш.Хамзина сонымен қатар Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы С.Сүлейменның алғыс хаттарымен бас мамандар Э.Муфтуллина, Н.Джанболатов марапатталды.